Ресейде "Delta plus" штаммы артты

Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинация процесінің баяулағанын білдірді.

1713009
Ресейде "Delta plus" штаммы артты

Ресейде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің жағдайы ауыр екені білдірілді.

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин лауазымдылармен видео конференция арқылы өткізген жиналыста елдегі Ковид-19 індетінің жағдайына байланысты мәлімдеме жасады.

Ресейде індет жағдайының нашарлағанын айтқан Михаил Мишустин:

"Елімізде коронавирустың жағдайы нашар. Оқиға саны артуда. Күніне 20 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталуда" деді.

Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинация процесінің баяулағанын білдіріп:

"49 миллион орыс азаматы вакцинаның 1-ші компонентін ектірді. Вакцинаның 2-ші компонентін салғызған кісі саны 40 миллион" деді.

Ресейдің адам денсаулығы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің басшысы Анна Попова соңғы үш аптада елдің 56 аймағында Ковид-19 індеті асқынғанын және қыркүйекте анықталған оқиға  санының 97 пайызы Үндістанда пайда болған "Delta plus" штаммы екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар