Иран Әзербайжан-Армения шекарасында әскери жаттығу бастады

Президент Әлиев жаттығудың Қарабахта азат етілген жерлерге жақын шекарада болуына наразылық көрсетті.

1713479
Иран Әзербайжан-Армения шекарасында әскери жаттығу бастады

Иран елдің солтүстік-батысында Әзербайжан мен Армения шекарасында «Хайбер батырлары» деп аталатын әскери жаттығу бастады.

Иран Құрлық күштері қолбасшылығы тарапынан дайындалған әскери оқу-жаттығу бронды және артиллериялық бөлімшелерге қоса пилотсыз әуе көліктері, электронды соғыс бөлімшелері және тікұшақтардың қолдауымен басталды.

Бұл жаттығудың Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Иран шекарасында бұрын өткізілген әскери жаттығуға көрсеткен наразылығының артынан ұйымдастырылуы назар аударды.

Әзербайжанның азат етілген аймағына жіберілген Иран жүк көліктерін бақылауға алуымен Иранның Әзербайжан шекарасында жаттығу бастағанына назар аударған Әлиев «Біріншіден әр ел әрине өз территориясында кез-келген әскери жаттығуды жасай алады. Бұл оның егемендік құқығы болып табылады. Ешкім оған артық сөйлей алмайды. Бірақ мұны уақыты тұрғысынан талдағанда, біз ешқашан мұндай болмағанын байқаймыз. Неліктен қазір және неге біздің шекарамызда?» деп сұрады.



Ұқсас жаңалықтар