Қытай ескерту жасады

«AUKUS» қауіпсіздік келісімінің аймақта қаруландыруды арттыруы мүмкін екенін айтып ескертті.

1712677
Қытай ескерту жасады

Қытай Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Австралия арасында қол қойылған «AUKUS» қауіпсіздік келісімінің аймақта қаруландыруды арттыруы мүмкін екенін айтып ескертті.

Қытайдың Сыртқы істер министрі Ванг И Малайзия және Бруней сыртқы істер министрлерімен арасындағы телефон әңгімесінде AUKUS келісіміне баға берді.  Ол осы келісімнің аймақта қарулануды арттыратынын атап көрсетіп,  мұның да аймақта қарулану жарысына жол ашатынын айтты.

Қытайлық министр Қытай, Оңтүстік шығыс Азия елдері одағы  (ASEAN) және басқа да аймақ елдерінің ортақ ынтасымен өз аймақтарының әлемнің ең динамикалық және ең жылдам өскен бөліміне айналғанын баса көрсетті.  Енді ядролық қарулану және жалпы қарулану жарысының осы аймақтық тұрақтылыққа да зиян келтіретінін білдірді.

Айырықша жаңа келісімнің аймақта «Қырғиқабақ соғыс» түсінігінің қайта жандануына жол ашуы мүмкін екенін айтты.

Аймақта Қытайдың артып отырған күшіне қарсы қозғалысқа өткен Австралия, АҚШ және Ұлыбритания 16 қыркүйек күні AUKUS деп аталатын қауіпсіздік келісіміне қол қойған болатын. Осы келісімге сәйкес Австралияда атом энергиясымен жұмыс істейтін кемінде 8 сүңгуір қайықтың жасалатыны хабарланған еді.



Ұқсас жаңалықтар