Иран Әзербайжанмен шекарасында оқу-жаттығу өткізеді

Құрлық күштері қолбасшысы, генерал Киомерс Хайдари ертең басталатын жаттығу туралы мәлімет берді.

1712920
Иран Әзербайжанмен шекарасында оқу-жаттығу өткізеді

Иран Әзербайжанмен шекарасында әскери оқу-жаттығу жасауға дайындалып жатыр.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда, Құрлық күштері қолбасшысы, генерал Киомерс Хайдари ертең басталатын жаттығу туралы мәлімет берді. Ол Әзербайжан шекарасында жүзеге асырылатын оқу-жаттығуға «Хейбер жеңімпаздары» деген есім берілгенін білдірді. «Хейбер жеңімпаздары жаттығуы ертең солтүстік батыс аймағында сауытты және зеңбірек жасақтары, ұшқышсыз әуе көліктері, электрондық соғыс элементтері және тікұшақтардың қатысуымен басталады» деді ол.

Сонымен бірге ел баспасөзінде оқу-жаттығу болатын аймаққа жүздеген сауытты көлік пен мыңдаған әскердің орналастырылғанын көрсететін көріністер жарияланды.

Жаттығу өткізу шешімінің Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің Иранның бұдан бұрын шекарада жасаған жаттығуларына көрсеткен наразылығынан кейін келуі назар аударады. Әлиев 27 қыркүйек күні 2-ші Қарабах шайқасының бірінші жылдығында Иранның фугаларының заңсыз түрде оккупациядан құтқарылған Қарабах аймағына жолданғанын айтқан болатын.

Әзербайжан оккупациядан құтқарылған аймаққа жіберілген Иран көліктерін бақылай бастаған соң Иран шекарада жаттығу бастап еді.



Ұқсас жаңалықтар