Еуроодақ Ауғанстанға 300 миллион евро жәрдем береді

Еуропа Одағы Гуманитарлық әуе көпірінің Ауғанстанға 32 тонна тұрмыстық материалдарын жолдағаны білдірілді.

1712424
Еуроодақ Ауғанстанға 300 миллион евро жәрдем береді

Еуропа Одағы Ауғанстанға 300 миллион евролық гуманитарлық жәрдем береді.

Еуропа Одағы комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен Твиттер желісінде жасаған мәлімдемесінде:

"Ауғанстан халқының қасындамыз. Еуропа Одағы Кабулға төтенше кезеңде гуманитарлық жәрдем жеткізді. Жәрдем жалғасады. Еуропа Одағы Ауғанстан үшін  300 миллион евролық гуманитарлық жәрдем дайындайды" деді.

Комиссияның дағдарыс әкімшілігіне жауапты мүшесі Жанез Ленарчич мәлімдемесінде Еуропа Одағы Гуманитарлық әуе көпірінің Ауғанстанға 32 тонна тұрмыстық материалдарды каргомен жеткізгенін хабарлады.

Жанез Ленарчич Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ ортақ жасаған жәрдемдер қақтығыстар және тырысқақ эпидемиясымен күрескен ауғандарға қолдау беруді мақсат еткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар