АҚШ Барлау қызметкерлерінде «Гавана синдромы» анықталды

«Гавана синдромының» Балқанда жұмыс істейтін АҚШ барлау қызметкерлерінде алғаш рет байқалғаны хабарланды.

1712326
АҚШ Барлау қызметкерлерінде «Гавана синдромы» анықталды

АҚШ Орталық барлау басқармасының (CIA) Сербияда жұмыс істейтін бір қызметкерінің «Гавана синдромы» себепті елден эвакуацияланғаны алға тартылды.

АҚШ-тың алдынғы қатарлы газеттерінің бірі The Wall Street Journal АҚШ-тық лауазымдыларға сілтеме жасаған бір хабарында өткен апта «Гавана синдромы» салдарынан денсаулығы нашарлаған АҚШ барлау ұйымы қызметкерінің бірінің Сербиядан эвакуацияланғанын жариялады.

«Гавана синдромы» оқиғасының Балқанда алғаш рет байқалғаны білдірілді.

CIA директоры Уильям Бернс шілде айында жасаған мәлімдемесінде CIA-дің 100-ге жуық қызметкерінің «Гавана синдромымен» ауырғанын хабарлаған болатын.

Канаданың Гаванадағы елшілігінде жұмыс істейтін бір қызметкер 2017 жылдың көктемінде «Гавана синдромы» деп аталатын жұмбақ аурудың салдарынан бас айналу және бас ауруымен шағымданған еді.

АҚШ-тың Кубадағы елшілігінің 21 қызметкері де ұқсас шағымдармен ауырған соң Вашингтон әкімшілігі 2017 жылы қыркүйек айында екінші дәрежелі қызметкерлердің көпшілігін елге шақырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар