Миндулле тайфуны Жапонияға қарай бет алды

Жапония метеорологиялық агенттігі Окинотори-шима аралына қарай бет алған Миндулле тайфуны туралы ескертті.

1711455
Миндулле тайфуны Жапонияға қарай бет алды

Тынық мұхитында пайда болған Миндулле тайфунының қарқынын арттырып Жапонияға қарай келе жатқаны жарияланды.

Жапония метеорологиялық агенттігі (ЖМА) Филиппин теңізінен Окинотори-шима аралына қарай бет алған Миндулле тайфунына қарсы ескерту жасады.

ЖМА-ға қарағанда сағатына 180 шақырым жылдамдықпен ілгерілеген тайфунның әсерімен биіктігі 6-8 метрлік толқындардың Окинава аралына соғатыны болжалуда.

Аралдар аймағына екі күн әсер ететін тайфун содан кейін солтүстік шығысқа қарай жылжып, 1 қазан күні бас қала Токио маңындағы Изу аралдарына жақындайды.

ЖМА Миндулле тайфунының елдің оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында қатты жел, биік толқындар мен нөсер жаңбыр әкелетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар