Камбре Виежа жанартауы от шашты

Камбре Виежа жанартауынан аққан от 400 үй мен жүздеген гектарлық алаңды күлге айналдырды.

1710660
Камбре Виежа жанартауы от шашты

Испанияда 50 жылдан кейін қозғала бастаған Камбре Виежа жанартауы айналаға күл шашуда.

Испанияның оңтүстік батысындағы Канар аралдары тобына жататын Ла Пальма аралында 19 қыркүйектен бері әрекеттенген Камбре Виежа жанартауынан аққан от 400 үйді күлге айналдырды. Жүздеген гектарлық алаң жанып кетті.

Аймақта тұратын 7 мыңнан астам адам көшірілді.

Биіктігі 6 метрге жеткен от ұшқыны теңізге 3 жақтан ағуда. Аспаннан түсірілген суреттер  апаттың ауыр екенін көрсетті. 

Аймақта соңғы 6 күнде 1130 дүмпу тіркелді, вулкандық белсенділіктің 24-28 күн жалғасуы мөлшерленуде. 

Жанартаудан шыққан улы газ себепті Канар аралдарында аспаннан қышқыл жаууы мүмкін көрінеді.  



Ұқсас жаңалықтар