Ердоған мен Путин Сочиде кездеседі

Песков Сочиде өтетін Путин мен Ердоған кездесуі үшін дайындықтар жалғасқанын айтты.

1711116
Ердоған мен Путин Сочиде кездеседі

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков президент Владимир Путин мен президент Режеп Тайып Ердоғанның Сирия, Ауғанстан және Ливия мәселесін талқылайтынын айтты. 

Дмитрий Песков бас қала Мәскеуде журналистерге жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Сочи қаласында 29 қыркүйекте  өтуі жоспарланған президент Владимир Путин мен президент Режеп Тайып Ердоған кездесуі үшін дайындықтардың жалғасқанын айтты.

Дмитрий Песков:

"Екі лидердің айтатын әңгімелері көп. Әсіресе Сирия мен Ауғанстан күн тәртіпке келеді. Ливия мен басқа халықаралық мәселелер тақырыбында дәстүрлі түрде көзқарас алмастырылады" деді.

Кездесуде екі жақты қарым-қатынастар да қолға алынатынын айтқан Песков:

"Екі жақты қарым-қатынастарда көптеген ортақ түйін бар. Экономика саласындағы ортақ жобалар жайлы жұмыстар, сауда мен экономикалық байланыстар бар" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар