Түркиядағы қайырымдылардың көмегімен Кенияда 20 су құдығы ашылды
«Жан суы» атты жәрдем мен ынтымақтастық қоғамы мәлімдеме жасады.

«Жан суы» атты жәрдем мен ынтымақтастық қоғамы Кенияның бас қаласы Найробиге 670 шақырым қашықтықта орналасқан Какамега ауылдық аймағында 20 су ұңғымасы ашты.
Қауымдастықтың Сыртқы байланыстар жөніндегі ұйымдастырушысы Фырат Айдын осы уақытқа дейін аймақта 60 су ұңғымасы ашылғанын мәлімдеді.
Әр қайсысы басқа аймақтарда ашылған су құдықтарының бір-бірінен шамамен 50 шақырым қашықтықта екенін атап айтқан Айдын құдықтардың аймақ тұрғындарының гигиеналық және таза ауыз суы қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатты ашылғанын білдірді.
Қоғам еріктілері мұқтаждарға киім-кешек көмегі жасады.
Қуаңшылық кезеңінде су мәселесінен зардап шеккен тұрғындар болса суға қол жеткізудің қуанышын сезініп, қоғам мүшелері мен қайырымдыларға алғыстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Газада қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жетті
Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқан палестиналықтардың саны 16 мың 248-ге жентті.

Ресейде президенттік сайлау болады
Федерация кеңесі президенттік сайлауды 2024 жылдың 17 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады.