Иран ядролық келіссөздерге қайта оралады

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян NBC News телеарнасына сұхбат берді.

1710269
Иран ядролық келіссөздерге қайта оралады

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян елінің ядролық келіссөздерге «жақын арада» оралатынын атап көрсетті.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) NBC News телеарнасына берген сұхбатында Абдуллахиян Иранның жаңа үкіметінің бұрынғы мәлімдемелерін қайталап, Иранның ядролық келісімінің толық орындалуы және АҚШ-тың келісімге қайта оралуы қолға алынған Австрияның бас қаласы Венада жасалған бірақ маусым айында тоқтаған келіссөздердің қашан басталатыны туралы мәлімет бермеді.

Елін ядролық келіссөздерді қайта бастауға шақырған Вашингтон әкімшілігінің алдымен Тегеранға бағытталған санкцияларды алып тастау керектігін атап көрсеткен Абдуллахиян «Олар болса «Біз өз міндеттемелерімізді орындауға дайынбыз» дейді, бірақ Иранның жаңа әкімшілігі мен Иран халқына өздерінің шынайы ерік-жігерін көрсету және дәлелдеу үшін ешқандай қадам баспайды. Ең жаманы Иранға жаңа санкциялар енгізілуде» деді.

Келісімге қайта оралу тақырыбында мүдделі тараптың АҚШ болу керектігін атап көрсеткен Абдуллахиян «Басқаша айтқанда, АҚШ президенті Джо Байден өзінен бұрынғы (Дональд) Трамптың Иранға қатысты ұстанымын сынға алатын, бірақ қазір Трамптың Иранға қарсы жасаған санкцияларын Байден мұқият жүргізуде. Бұл Иранға жіберілген кері көзқарас. АҚШ келіссөздері жалғастыру тақырыбында байсалды болса, онда бұл ұстанымды неге жалғастырады?» деді.

«Сондықтан бұрынғы үкімет жүргізген келіссөздерді бағалаймыз. Бағалап жатырмыз және бұл тақырыпта көптеген келіссөздеріміз бар екенін айта аламын. Біз дипломатия мен келіссөз каналдарын ашық тұтамыз және жақын арада келіссөздерге ораламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар