Ресей батыстық елдерге санкция мерзімін ұзартты

ЕО санкцияларына қарсы Ресей қабылдаған «санкция» мерзімін 2022 жылдың 31 желтоқсан күніне дейін ұзартты.

1708280
Ресей батыстық елдерге санкция мерзімін ұзартты

Ресей президенті Владимир Путин қол қойған жарлықпен араларында АҚШ пен Еуроодақ (ЕО) сияқты кейбір елдердің Украинаға қарсы ұстанымы мен Қырымды заңсыз аннексиялауы себепті іске қосқан санкцияларына жауап ретінде «қарсы санкцияларын» 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.

Еуроодақ 10 қыркүйек күні қабылдаған шешімімен Украинаның тұрақсыздығына байланысты Ресейдің кейбір салаларына бағытталған экономикалық санкцияларын  6 айға ұзартқан болатын.

ЕО Ресейге экономикалық санкция енгізу туралы шешімін алғаш рет 2014 жылы қабылдады. Ұзартылған экономикалық санкцияларға сәйкес Еуроодаққа мүше 28 ел Ресейге қару саудасын тоқтатты.

Санкциялар Ресейдің мұнай-газ саласында қолданылатын кейбір технологияларды Еуроодақ елдерінен сатып алуын шектейді. Сонымен қатар ресейлік мемлекеттік банктер Еуропадағы қаржы саласынан шеттетілді.

ЕО-тың активтерді тоқтатуы және саяхат тыйымынан тұратын қосымша санкциялар болса көптеген жоғары лауазымды орыс басшыларды қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар