Босқын лагерінде өрт шықты
Босқындардың көбі Вати лагеріне жақын жердегі автобекетте жиналды.
1707986
Грекияның Самос аралындағы Вати босқын лагерінде үлкен өрт шықты.
Грекияның Миграция министрлігі «Лагерьдің батысындағы бос үйшіктерде өрт шыққандықтан, босқындарға қауіп жоқ. Басқа босқындар эвакуацияланды» деп хабарлады.
Босқындардың көбі Вати лагеріне жақын жердегі автобекетте жиналды.
Адам тұрмайтын үйшіктерде шыққан өртті сөндіру үшін алты өрт сөндіруші көлік міндеттендірілді.
Көшіруді күтіп отырған 300-500 босқын қалған лагерь осы апта жабылады.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп «Бұл соғысты аяқтау керек» деді
Трамп Зеленскийдің соғысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты.