«Бейбітшілік бұлағы» аймағында 48 мың оқушы үшін алғаш қоңырау соғылды

Тель-Абяд Ұлттық білім беру директоры Мукри Хадж Имам мәлімдеме жасады.

1707605
«Бейбітшілік бұлағы» аймағында 48 мың оқушы үшін алғаш қоңырау соғылды

Сирияның солтүстігіндегі Тель-Абяд пен Расулайн аудандарында кеше 47 мың 300 оқушы үшін алғаш қоңырау соғылды. Сыныптарды толтырған оқушыларға оқулықтар таратылды.

Тель-Абяд Ұлттық білім беру директоры Мукри Хадж Имам жасаған мәлімдемеде 2021-2022 жаңа оқу жылының қауіпсіз бір ортада басталғанын атап көрсетті.

Аймақта қамтамасыз етілген тыныштықтың білім беру өміріне оң әсер еткенін білдірген Хадж Имам Тель-Абяд 32 мың және Расулайнда 15 мың 300, барлығы 47 мың 300 оқушының оқуды бастағанын білдірді.

Жазғы мезгілде мұғалімдердің оқу бағдарламасына сәйкес оқу-сауықтыру процесі жүргізгенін білдірген Хадж Имам «Тель-Абядта 283, Расулайнда болса 160, барлығы 443 мектепте, 2 мың 313 мұғалім жұмыс істейді» деді.

Тель-Абяд пен Расулайн аудандары 2019 жылдың қазан айында Түркияның «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен YPG/PKK террор ұйымынан тазартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар