Сирияның Баб ауданында бомбалы шабуыл жасалды

Баб ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды.

1707389
Сирияның Баб ауданында бомбалы шабуыл жасалды

Сирияның солтүстігіндегі Баб ауданында бомба тиелген көліктің жарылуы салдарынан 7 бейбіт тұрғын жарақат алды.

«Евфрат қалқаны» операциясымен террордан тазартылған Баб ауданының Земзем аумағында бір көлікке орналастырылған бомба жарылды.

Террор шабуылында 7 адам жараланды.

Жараланғандар ауруханаға жеткізілгенде, өрт сөндірушілер жарылыстан кейін шыққан өртті сөндірді.

Оқиға орнында тергеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың террор ұйымы YPG/PKK тарапынан ұйымдастырылғанын болжауда.



Ұқсас жаңалықтар