Ресейде жалпы халықтық сайлау басталды

Жалпы халықтық сайлаудың нәтижесінде ел көлемінде депутаттар мен жергілікті әкімшіліктер үшн үміткерлер жарысады.

1707341
Ресейде жалпы халықтық сайлау басталды

РФ парламенті төменгі палатасы Мемлекеттік Думасы, 39 федеративті облыстың парламенттері және кейбір аймақтарда атқарушы және жергілікті әкімшіліктер үшін дауыс беру процесі басталды.

Жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) байланысты, бүгіннен бастап үш күнге созылатын дауыс беру процесі алдымен елдің шығысындағы Камчатка мен Чукотка автономиялық облысында өтеді.

Мәскеуде таңертеңнен бастап сайлаушылар дауыс беру үшін сандыққа жүгінді.

Сайлауда ел көлемінде және шетелде 110 миллион сайлаушы 19 қыркүйек күні кешкі уақытқа дейін дауыс қолданады.

Сайлауда Мемлекеттік Думадағы 450 орын үшін жарысатын 14 партияның 5 пайыздық межеден өтуі тиіс.

Әр 5 жыл сайын өтетін Дума сайлауында 450 депутат үшін 225 үміткер партиялық тізімнен ал 225 үміткер болса тәуелсіз түрде сайланады.



Ұқсас жаңалықтар