"ЕО ауғандықтарды қорғау жауапкершілігінен бас тартуда"

Халықаралық 24 ұйым Еуроодақты мұқтаж ауғандықтарға қолдауды күшейтуге шақырды.

1707193
"ЕО ауғандықтарды қорғау жауапкершілігінен бас тартуда"

Халықаралық адам құқықтары мен босқындар ұйымдары Еуроодақты (ЕО) сынға алып, мұқтаж ауғандықтарға қолдауды күшейтуге шақырды.

Халықаралық Амнистия Ұйымы, Қызыл крест, Адам құқықтары бақылау орталығы және Oxfam сияқты араларында коммерциялық емес халықаралық ұйымдар да бар 24 ұйым көмекке мұқтаж ауғандықтармен байланысты бірлескен жазбаша мәлімдеме жасады.

“ЕО ауғандықтарды қорғау жауапкершілігінен бас тартудың орнына жауапкершілікті бөлісуі керек” делінген мәлімдемеде Ауғанстанда 18 миллион адамның жедел гуманитарлық көмекке қажеттілігі бар екенін және мыңдаған адамның әлі елден кеткісі келгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде ЕО-тың қорғауға мұқтаж ауғандықтарға қауіпсіз бағыттар ұсынуы және «ерікті түрде жаңадан қоныс аудару» бағдарламасын жүзеге асыруы керек екендігі айтылды. Сондай-ақ Еуроодақ шекарасынан шығару, баспана алуға құқығына кедергі жасау сияқты бастамаларды ЕО-тың тергеуі және санкцияларды іске қосуы да талап етілді.

Мәлімдемеде ЕО-тың дипломатиялық салмағын пайдалану арқылы эвакуациялардың қайтадан басталуы және елден кеткісі келгендердің қауіпсіз кетулерін қамтамасыз ету керектігі атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар