Ресей Идлибке әуе шабуылдарын бастады

Орыс әскери ұшақтары Хамаме, Мазра және Зурзур ауылдарына 15 әуе шабуылы жасады.

1706665
Ресей Идлибке әуе шабуылдарын бастады

Ресей Сириядағы «Идлиб дағдарысты азайту аймағы» шекарасындағы Хамаме, Мазра және Зурзур ауылдарына 15 әуе шабуылы жасады.

Идлибке жасалған әуе шабуылдарымен байланысты оппозицияға тиесілі авиациялық бақылау орталығы әлеуметтік желідегі аккаунтынан Лазкийедегі Хмеймим базасынан көтерілген 3 орыс әскери ұшағының шабуылдағанын хабарлады.

Ресейдің әскери ұшақтарының Зурзур ауылына жасаған әуе шабуылында Түркиядан үкіметтік емес бір ұйымның жетім балаларға арнап салған брикет үйлер де нысанаға алынды.

Әуе шабуылдары жасаған ұшақтардан тасталған бомбалардың бірі үйлердің 100 метр жақынына құлады. Шабуылда қаза болғандар мен жараланғандар туралы ақпар жоқ.



Ұқсас жаңалықтар