Франция ДАИШ басшысы Сахрауидің өлтірілгенін хабарлады

Макрон мұның Францияның Сахельде террорлық ұйымдарға қарсы жүргізген күресінің жемісі екенін айтты.

1706745
Франция ДАИШ басшысы Сахрауидің өлтірілгенін хабарлады

Франция президенті Эммануэль Макрон ДАИШ террорлық ұйымының лидері Сахрауидің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Twitter аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Макрон мұның Францияның Сахельде террорлық ұйымдарға қарсы жүргізген күресінің жемісі екенін айтты.

Макрон: «Африкалық, еуропалық және америкалық серіктерімізбен бірге ДАИШ-қа қарсы күресімізді жалғастырамыз» деді.

Франция Қорғаныс министрі де ДАИШ террорлық ұйымының Сахельдегі нөмірі бірінші адамының өлтірілгенін айтып, мұның ұзын мерзімді жұмыстың нәтижесі екенін білдірді.

Ұлы Сахара ДАИШ-ы деген атпен танымал, Сахрауи басқарған ұйым Мали, Нигер және Буркино Фасоны қамтыған үш ел территориясындағы лаңкестіктерге жауапты деп есептеледі.



Ұқсас жаңалықтар