С.Кореяны ядролық қарудан тазалау мәселесі талқыланды

АҚШ, Жапония және Оңтүстік Корея дипломаттары Жапонияда бас қосты.

1706382
С.Кореяны ядролық қарудан тазалау мәселесі талқыланды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Жапония және Оңтүстік Корея «келіссөз бен санкциялар» арқылы Солтүстік Кореяны ядролық қарулардан тазалау жөніндегі күш-жігерін жалғастыру тақырыбында келісті.

Жапонияның қонақжайлығымен бас қосқан АҚШ пен Оңтүстік Корея дипломаттары «Корея түбегін ядролық қарулардан тазалау және Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізу» мәселесін талқылады.

Үштік саммитке Жапония Сыртқы істер министрлігі Азия және Океания істері жөніндегі бас директоры Такехиро Фунакоши, АҚШ президенті Джо Байденнің Солтүстік Кореяға жауапты арнайы өкілі Сунг Ким және Оңтүстік Корея түбегіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты арнайы өкілі Но Кю-Дук қатысты.

Саммитте үш елдің өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің жаппай жою қарулары мен баллистикалық зымыран өндірісінің алдын алу тақырыптары бойынша қабылданған қаулыларына сәйкес Солтүстік Кореяны «толық ядролық қарусыздандыру» мақсатымен тығыз ынтымақтастықта болуға келісті.

Yonhap хабар агенттігіне қарағанда Сун Ким Америка Құрама Штаттарының «ядролық қарусыздану жолындағы ілгерілеуіне қарамастан» Солтүстік Кореяның гуманитарлық мәселелерін шешуге дайын екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар