Ауруханада өрт шықты
Алғашқы деректерге қарағанда, көптеген адам қаза тапты.

Солтүстік Македонияның солтүстік батыс аймағындағы Калканделен қаласында коронавирус науқастары емделіп жатқан орталықта өрт шықты. Алғашқы деректерге қарағанда он адам қаза тапты.
Солтүстік Македония Денсаулық сақтау министрлігі түнде шыққан өртте он адамның қайтыс болғанын білдірді. «Алайда бұл саны артуы мүмкін» деп мәлімдеді.
Өрт бақылауға алынған. Жаралылар бас қалаға жеткізілген.
Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заев әлеуметтік желідегі жазбасында оқиғаны үлкен трагедия деп сипаттады. Ол қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты, жаралы азаматтарға шипа тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Зеленский Ұлыбританияға барды
Зеленскийді әуежайда Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак қарсы алды.

Грекиядан жауап: "Бәріміз түрікпіз"
«Charlie Hebdo» журналының карикатурасына грек карикатурист жауап қайтарды: «Бәріміз түрікпіз».