Армения Түркиямен қатынасты қалыпқа түсіру ниетінде

Никол Пашинян Ердоғанның  Армениямен қарым-қатынастарды жақсартуға байланысты мәлімдемесінен үміттеніп отыр.

1704672
Армения Түркиямен қатынасты қалыпқа түсіру ниетінде

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Түркиямен қарым-қатынастарды жақсартуға, құрлық пен темір жолы қатынасын қайта жандандыруды кеңесуге дайын тұрғандарын айтты.

Никол Пашинян бас қала Ереванда күн тәртіптегі тақырыптарға байланысты үкімет жиналысында бағаландырулар жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның  Армениямен қарым-қатынастарды жақсартуға байланысты мәлімдеме жасағанын ескерткен Пашинян:

"Осы мәлімдемеде Түркия мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту мүмкіндігін байқадық. Түркиямен қарым-қатынастарды жақсартуға, құрлық пен темір жолы қатынасын қайта жандандыруды кеңесуге дайынбыз. Осындай бір кездесуге дайынбыз және мұны тіпті кеңейтуімізге болады" деп көрсетті. 

Пашинян осы кездесулерде аймақтық байланыстарды толық қамдауға болатынын білдіріп:

"Ресей осы тақырыпта жәрдемші болуға дайын екенін жеткізді. Еуропа Одағы, әсіресе Франция мен АҚШ осы процеске қызығады. Үндістан мен Қытайдың да аймақтағы қатынасты қалыпқа түсіру жөніндегі тұғыры айқын" деді.

Никол Пашинян аймақта солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қатынас дәлізіне бағытталған жоспардың Иран және Грузиямен кездесулерде ерекше орын алғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар