Ұлыбритания ауғандарды қабылдайды

Борис Джонсон елінің ағылшын күштері үшін қызмет еткен ауғандарды қауіпсіз түрде шетелге шығаруға көмекші болу үшін қолынан келгенді жасайтынын айтты.

1704010
Ұлыбритания ауғандарды қабылдайды

Ұлыбритания Ауғанстанда қалған одақтастарын артқа тастамауға уәде берді. 311 кісі Ұлыбританияға кетуді күтуде. 

Депутаттарға жаздық демалыстан қайтуына орай мәлімет берген Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон елінің ағылшын күштері үшін қызмет еткен ауғандарды қауіпсіз түрде шетелге шығаруға көмекші болу үшін қолынан келгенді жасайтынын айтты.

Борис Джонсон Ұлыбританияға орналастыруға лайықты 311 ауғанның эвакуацияланатынын, Ұлыбританияның Талибанның шетелге шығуға қауіпсіз жол қамдауы үшін  экономикалық және дипломатиялық қысым жасайтынын білдірді.

Еңбек партиясының жетекшісі Кейр Стармер премьер-министрдің сөзін "лидерлік жетерсіздік" деп бағалады.

Кейр Стармер үкіметтің Ауғанстанда қанша ағылшын азаматы қалғанын анық білмеуі ұлттық ұят екенін айтты.

Борис Джонсон басқа бір босқын бағдарламасы арқылы Ұлыбританияға қабылданған ауғандардың шектемесіз қалуына рұқсат берілетінін растады.

Үкімет қысқа уақытта тұрғын үй мен мектеп үшін қаржы бөледі.

Кабулдан Ұлыбританияға 15 мың адам эвакуацияланды. Олардың арасында ағылшын күштерімен бірге жұмыстанған 8 мың ауған да бар.

Үкімет қалғандардың нақтылы санын білмегендерін мойындады.

Үкімет алдағы 5 жылда 5 мың босқынды қамтыған 20 мың босқынды Ұлыбританияға әкелуге уәде берді.



Ұқсас жаңалықтар