НАТО 500 ауғанды отбасыларымен бірге эвакуациялады

Олар Еуропадағы кейбір базаларға орналастырылған.

1703450
НАТО 500 ауғанды отбасыларымен бірге эвакуациялады

НАТО бұдан бұрын Ауғанстанда одақ үшін жұмыс істеген 500 ауған мен отбасыларын эвакуациялағандарын білдірді.

НАТО халықаралық қоғаммен бірге эвакуациялар және қайта орналастыру істеріне қолдау білдіретінін жариялады. Хабарламада «НАТО-мен жұмыс істеген 500-ден астам ауған және отбасылары эвакуацияланды және одақтас әскерлер тарапынан қорғалған, Еуропадағы базаларға уақытша орналастырылды» деп айтылды.

Осы кісілердің одақтас елдерге жіберілуі үшін жұмыс  жүрып жатыр. НАТО осы азаматтарға баспана және көмек берілуі үшін жұмыстанып жатыр. Ал азаматтардың қай кезде эвакуацияланғаны жөнінде мәлімет бермеді. Хабарламада коалицияның күшімен Кабул әуежайынан 12 мың адамның эвакуацияланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар