Путин АҚШ-тың Ауғанстанда табыссыз болғанын айтты

Владимир Путин АҚШ 20 жылда Ауғанстанда тұратын адамдарды "мәденилестіруге" талпынғанын айтты.

1700770
Путин АҚШ-тың Ауғанстанда табыссыз болғанын айтты

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың 20 жыл бойынша Ауғанстанда өз қағидалары мен өмір шарттарын қабылдатуға талпынғаны себепті бүгін болған жағдайды "трагедия және шығын" деп бағалады.

Владимир Путин жаңа оқу жылының бастауына орай шығыстағы Владивосток қаласында балалармен бірге Ауғанстан тақырыбын кеңесті.

АҚШ әскерлерінің 20 жыл Ауғанстан территориясында тұрғанын ескерткен Путин АҚШ осы мезгілде Ауғанстанда тұратын адамдарды "мәденилестіруге" талпынғанын айтты.

Ресей президенті Владимир Путин:

"АҚШ Ауғанстанда өз қағидалары мен өмір шарттарын, саяси ұйымдарын кең көлемді қабылдатуға талпынды. Нәтижеде бұл АҚШ және Ауғанстан үшін трагедия және шығын болды. Қорыта айтқанда нәтиже нөл" деді.

Ауғанстанда тұратындардың тарихи, мәдени, өмір философиясын елемегені және әдет-ғұрыпқа құрмет көрсетілмегені үшін трагедияға айналғанын айтқан Путин:

"Сырттан келіп күш көрсетудің мүмкін емес екенін түсіну керек. Жағдайдың жылдам және жақсы кемелденуін қалайтын болсаң, адамдарға жәрдем беруің керек. Осылай болуға тиісті еді. Алайда мұны мәдени, мұқият, болымды бейнемен жалғастыру, асықпай, сабырмен жасау тиіс. Осы факторлар болмай, табысқа жету мүмкін емес" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар