Германияда қайтадан ереуіл басталды

Ереуіл бас күнге созылады.

1700335
Германияда қайтадан ереуіл басталды

Германияда машинисттер топтық келіссөз сәтсіздікке ұшырағаннан кейін бір айда үшінші рет ереуілге шығады.

Sputnik-тің хабарына қарағанда, Неміс Машинисттер кәсіподағы төрағасы Клаус Веселски Франкфуртта Неміс теміржолдарының жүк пойыздарындағы машинисттерінің ереуілінің 1 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 17.00-де, жолаушы пойыздарында 2 қыркүйекте сағат 02.00-де басталатынын білдірді.

Веселски ереуілдің 7 қыркүйек күні сағат 02.00-де аяқталатынын білдірді.  Ол Неміс теміржолдары басшылығының топтық келіссөзде қазірге дейін қабылданатын бір ұсыныс бермегенін айтты. «Келіспеушілікті шешудің бір жолы – талқылауға болатын ұсыныс беру» деді ол.

Ол ереуілдің бұл жолы бес күн болатынын айтты. «Бұл – ең ұзын ереуілдеріміздің бірі.  Мұны саналы түрде жоспарладық.  Неміс теміржолдары басшыларының келісуге жанаспауына байланысты қысқа ереуіл жасағымыз келмейді» деді ол.

Неміс Машинисттер кәсіподағы бұдан бұрын 10-13 тамыз күндері және 22-25 тамыз күндері ереуіл жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар