Израильде 12 жастан үлкендерге 3-ші компонент вакцина егіледі

Үшінші компонент вакцинаны ектіру үшін 2-ші компонент вакцинаны кемінде 5 айдың алдында ектірген болу шарты бар.

1699307
Израильде 12 жастан үлкендерге 3-ші компонент вакцина егіледі

Израильде жаңа типті короанвирус (Сovid-19) індеті вакцинасы ел көлемінде 12 жастан жоғарғы кісілерге егіледі.

Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен ел көлемінде 12 жастан жоғарғы азаматтарға Ковид-19 вакцинасының 3-ші компоненті егіле бастады.

Үшінші компонент вакцинаны ектіру үшін 2-ші компонент вакцинаны кемінде 5 айдың алдында ектірген болу шарты бар. 

Осының алдында түрліше жастағыларға сатылы түрде Ковид-19 вакцинасының 3-ші компонентін егуге шешім жасаған Израиль әкімшілігі 24 тамызда 30 жастан жоғарғыларды осы топқа қосқан болатын.

9.3 миллион жан саны бар Израиль 5 миллион 951 кісіге Ковид-19 вакцинасының 1-ші, 5 миллион 468 мың кісіге 2-ші, 1 миллиогн 962 мың кісіге 3-ші компонентін салғызды.

Израильде 6 мың 958 кісі вирустан қайтыс болды, оқиға саны бір миллион 46 мыңнан асты.



Ұқсас жаңалықтар