АҚШ ДАИШ/Хорасанға операция жасады

Америка Құрама Штаттары ДАИШ/Хорасанға қарсы Ауғанстанда әуе операциясы ұйымдастырғанын хабарлады.

1698730
АҚШ ДАИШ/Хорасанға операция жасады

Америка Құрама Штаттары 26 тамыз бейсенбі күні  Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында лаңкестік шабуыл жасаған  ДАИШ/Хорасанға қарсы Ауғанстанда әуе операциясы ұйымдастырғанын хабарлады. 

АҚШ Орталық күштер қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдемешісі полковник Билл Урбан жасаған жазбаша мәлімдемесінде "АҚШ Қарулы Күштері бір ДАИШ/Хорасан басшысына қарсы операция жасады" деген сөзддер қолданды. 

Аталмыш операцияның Ауғанстанның Нангахар уәлятында ұшқышсыз әуе аппарытымен жасағанын түсіндірген Урбан "Алғашқы белгілеуге қарағанда көздегенді залалсыздандырдық" деген сөздер қолданды.

Еске сала кетейік, Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайы маңында кеше үш бөлек жарылыс болған еді. Жарылыста 13 АҚШ әскері және 170-ден астам адам қаза тапқан болатын. 

 



Ұқсас жаңалықтар