Ресей Twitter, Facebook және WhatsApp-қа жаза берді

Ресейдегі жеке мәліметтерді қорғау заңына қайшылық жасалғанына үкім шығарған сот осы компанияларға жалпы 36 миллион рубль ақшалай жаза берді.

1697846
Ресей Twitter, Facebook және WhatsApp-қа жаза берді

Ресейдегі бір сот әлеуметтік медиа компаниялары Twitter, Facebook және WhatsApp-қа "Жеке мәліметтерді қорғауға қайшылық жасағаны" себепті 36 миллион рубль ақшалай жаза кесті. 

Ресей Федерал Ғылым технология және топтық коммуникация бақылау ұйымының (Роскомнадзор) Twitter, Facebook және WhatsApp желісіне қарсы ашқан соты астана Мәскеудегі Таганский сотында қаралды.

Ресейдегі жеке мәліметтерді қорғауға бағытталған заңға қайшылық жасалғанына үкім шығарған сот осы компанияларға жалпы 36 миллион рубль ақшалай жаза берді.

Орыс заңдарында Twitter, Facebook және  WhatsApp сияқты ірі интернет компанияларының қолданушылардың мәліметін Ресейде жинақтауы қажет деп белгіленген.

Елде осындай қайшылықтар себепті әлеуметтік жұмыс желісі LinkedIn 2016 жылы шектелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар