Франциядағы орман өрті сөндірілді

Орман өртінде 7 өрт сөндіру қызметкерінің жараланғаны, екі адамның қаза тапқаны, 19 кісінің тұманнан уланғаны хабарланды.

1697963
Франциядағы орман өрті сөндірілді

Францияның оңтүстігіндегі Вар аймағында өткен апта шыққан орман өрті 11-ші күні сөндірілді.

Вар өрт сөндіру басқармасынан жасалған мәлімдемеде 16 тамызда Гонфарон қаласының маңындағы Морес Массивінде басталған орман өртінің дүйсенбі күнінен бері бақылауға алынғаны, кеше толық сөндірілгені хабарланды.

Орман өртінің шығу себебі жайлы тергеуде автожолдағы демалыс мекенінде орманға қарай лақтырылған темекі тұқылының алаудың алғашқы себебі болуы

мүмкін екені білдірілді.

8 мың гектарлық орманға жайылған өртпен күрескен кезде 7 өрт сөндіру қызметкерінің жараланғаны, екі адамның қаза тапқаны, 19 кісінің тұманнан уланғаны хабарланды.

1200-ден астам өрт сөндіру қызметкерімен бірге ұшақтар және тікұшақтармен сөндірілген өрт себепті 10 мыңға жақын кісі мен жағалауға жақын лагер алаңдары босатылған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар