Путин мен Имран Хан сөйлесті

Бұл туралы Кремльден мәлімдеме жарияланды.

1697660
Путин мен Имран Хан сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен Ауғанстан жағдайын ақылдасты.

Бұл туралы Кремльден мәлімдеме жарияланды. Мәлімдемеге қарағанда екі басшы телефон арқылы сөйлесті.

Телефондағы әңгімеде Ауғанстандағы жағдай қолға алынды. «Осы елде бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау, күш қолданудың алдын алу және барлық қоғам өкілдерінің мүдделері назарға алына отырып үкімет қалыптастыру мақсатымен ауғандар арасында диалог қамдалуы» керектігі баса айтылды.

Басшылар Ауғанстан мәселесіне байланысты көзқарастардың әрі екі жақты, әрі көп жақты форматта үйлестірілуі керектігі тақырыбында келісті. Шанхай Ынтымақтастық ұйымының «аймақтық қауіпсіздіктің қамдалуы және терроризм мен есірткі қаупімен күрес» тақырыбында мүмкіндіктерді қолдануы керектігі айтылды.



Ұқсас жаңалықтар