АҚШ-та армия міндетті түрде вакцина ектіреді

АҚШ-та армияның 68 пайызы вакцина ектірген.

1697363
АҚШ-та армия міндетті түрде вакцина ектіреді

АҚШ-та барлық армия үшін жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы вакцина салғызу мәжбүр болды.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин күш қолбасшыларына мәлімдеме жолдады.

Ллойд Остин мәлімдемеде:

"Денсаулық мамандары және әскери басшылармен ақылдасу және президент Байденнің қолдауымен жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы міндетті түрде вакцина салғызудың АҚШ халқын және армияны қорғау үшін қажетті екеніне шешім жасадым" деп көрсетті. 

Қорғаныс министрі Ллойд Остин барлық күш қолбасшыларына және Бас хатшыларға қарулы күштер ішінде вакцина салғызбағандардың дереу вакцина салғызуына бұйрық бергенін жеткізіп, міндетті вакцинаның тек АҚШ Азық-түлік және дәрі басқармасы толық мақұлдаған вакциналарды қамтитынын бөлісті.

Пентагон өкілі Джон Кирби осы жайлы мәлімдемесінде қазір міндетті вакцинаның тек қана Pfizer-BioNTech вакцинасы болатыны тілге тиек етілген еді. 

АҚШ-та армияның 68 пайызы вакцина ектірген. 



Ұқсас жаңалықтар