Жүздеген ауғандық Пәкістан шекарасында күтуде

Пәкістан жаңа бір босқын көшіне қарсы шекараларын жапты.

1697071
Жүздеген ауғандық Пәкістан шекарасында күтуде
afganistan-pakistan siniri bayrak.jpg
afganlar pakistan siniri1.jpg
afganlar pakistan siniri.jpg

Талибан Ауғанстанның барлығын бақылауға алған соң елден кеткісі келіп, шекара қақпасына бет алған ауғандықтар Пәкістан шекарасында күтуде. 

Пәкістандық лауазымдылар екі ел арасындағы маңызды шекара қақпаларының бірі Торхамда Пәкістанға емделгісі келетін ауғандықтардың өтуіне рұқсат бергендерін мәлімдеді. 

Лауазымдылар күн сайын шамамен 1500-ден астам Ауғанстан азаматының Пәкістаннан еліне оралғанын, ал шамамен 200-250 Ауғанстан азаматының болса емделу мақсатты Пәкістанға кіргенін білдірді. 

Ауғанстан шекарасында көптеген ауғандық Пәкістанға кіру үшін күтуде.

3 миллионнан астам ауған босқынға қонақжайлық жасайтын Пәкістан жаңа бір босқын көшіне қарсы шекарасын жауып, босқындарды қабылдамайтынын жариялаған еді. 

Шекарадағы коммерциялық жұмыстар да жалғасуда. Коммерциялық тауар таситын жүк көліктерінің кіруі мен шығуы тәулік бойы жалғасады. 

Екінші жағынан Талибанның Ауғанстанда Пенджшир уәлаятынан басқа жерлерді бақылауға алуы шекара қақпаларында да көрініс тапты. 

Шекара қақпаларында Ауғанстан жалауы орнына Талибан жалауының тігілгені, Ауғанстан шекарасының қауіпсіздігінің болса Талибан мүшелерінің қамтамасыз еткені байқалды. 



Ұқсас жаңалықтар