Ресей Кабулға 4 ұшақ жіберді

РФ Қорғаныс министрлігі 6 елден 500 адамның бүгін Кабулдан эвакуацияланатынын жариялады.

1697118
Ресей Кабулға 4 ұшақ жіберді

Талибанның Ауғанстанның бас қаласы Кабулды басып алуының артынан эвакуациялау жұмыстары жалғасқан «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайының азаматтық авиация бөліміне бүгін орыс ұшақтары келіп қонды.

Әрі АҚШ, әрі Талибан Ауғанстаннан эвакуациялаудың соңғы мерзімі деп жариялаған 31 тамыз күніне қысқа уақыт қалғанда, Халықаралық әуежайдағы жұмыстар үздіксіз жалғасуда.

Талибан Кабулды бақылауға алғаннан кейін Ауғанстаннан кеткісі келетін шетелдік қызметкерлер мен ауғандықтар паспорт жұмыстарының артынан ұшақтармен эвакуациялануда.

«Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайының азаматтық авиация бөліміне Ресей Әуе күштеріне тиесілі «Ил-76 МД» маркалы 3 стратегиялық жүк ұшағы мен 1 дана Илюшин «Ил-62» жолаушы ұшағы қонды.

Эвакуациялау жұмыстары үшін 4 ұшақпен бірге орыс лауазымдылардың да Кабулға келгені байқалды.

Ресей Қорғаныс министрлігі президент Владимир Путиннің нұсқауымен бүгін 500 Ресей, Украина, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанның азаматының Ауғанстаннан эвакуацияланатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар