Балалардың арасында коронавирус артты

Балаларға вирус жұғу оқиғасы бір айда төрт еседен көп артты.

1696741
Балалардың арасында коронавирус артты

Америка Құрама Штаттарында коронавирус пандемиясында балаларға вирус жұғу оқиғасы бір айда төрт еседен көп артты.

Америка Педиатрия академиясы мен Балалар ауруханалары одағының апталық есебінде өткен апта 180 мың балаға ковид жұққаны білдірілді.

Бұл көрсеткіш 18 шілдеде 38 мың болған.  19 тамыз аптасында ковид анықталған бала саны алдынғы аймен салыстырғанда төрт еседен артық көбейген.

Есепке қарағанда, пандемияның басынан бері диагноз қойылған бала саны 4,5 миллионнан асты.  Барлық жұғу оқиғасының 14,6 пайызын балалар құрады. Ал өткен апта анықталған жұғу көрсеткіштерінде балалардың мөлшері 22,4 пайызды құрады. Коронавирус себебімен ауруханаға жатқызылған бала саны 282.

АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі балалардың ковид себебімен қатты ауырмайтынын және өлім-жітім рискінің төмен екенін растады.  Бірақ балалардың ауруханаға жату көрсеткіші өткен апта пандемияның басынан бері бірінші рет ең жоғары деңгейге жетті.

12-17 жас аралығындаңы жасөспірімдер арасында вакцинация көрсеткіші әлі төмен.  Ал елде 12 жастан кіші балаларға екпе егілмейді. Америка Құрама Штаттарында 16-17 жас арасындағы балалардың 43 пайызы, 12-15 жас арасындағы балалардың 33 пайызы ковид вакцинасын салдырды.



Ұқсас жаңалықтар