Австралия мен Жаңа Зеландия Кабулдан 650 адамды эвакуациялады

Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон елінің «Канал 9» телеарнасына мәлімдеме жасады.

1696152
Австралия мен Жаңа Зеландия Кабулдан 650 адамды эвакуациялады

Ауғанстанның бас қаласы Кабулдағы «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайынан Австралия мен Жаңа Зеландия әуе күштеріне тиесілі әскери ұшақтарымен 650 адам эвакуацияланды.

Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон Австралияның «Канал 9» телеарнасына берген мәлімдемесінде «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайдағы жағдайдың өте ауыр екенін атап көрсетті.

Австралия Әуе күштеріне тиесілі әскери ұшақтарының 4 рет, ал Жаңа Зеландия Әуе күштеріне тиесілі бір ұшақтың болса 1 мәрте ұшуы арқылы Ауғанстаннан тағы 650 адамның құтқарылғанын атап көрсеткен Моррисон мұның Австралияның қазірге дейінгі ең үлкен операциясы екенін мәлімдеді.

Моррисон Талибанның Кабулдағы «Хамид Карзаи» халықаралық әуежайын жабу ықтималын назарға алғанда, әрбір рейс соңғы рейс болуы мүмкін деген болжаммен қозғалғандарын баса айтты.

Австралия Талибан Ауғанстанды бақылауға алғаннан кейін Кабулдан кеткісі келетіндерді эвакуациялауға шешім қабылдаған болатын.

Эвакуация шеңберінде Ауғанстандағы Австралия мен Жаңа Зеландия азаматтарына қоса визасы бар ауған азаматтары және басқа да шетелдік азаматтарға қоса 1600-ден астам адамды эвакуациялады.

Ауғанстандағы елшілігін мамыр айында жауып тастаған Австралия 11 шілде күні өз әскерлерін елден толығымен шығарса, Жаңа Зеландия Ауғанстанда шамамен 20 жыл қызмет еткен әскери бөлімшелерін мамыр айынан бұрын эвакуациялаған еді.

Австралия Ауғанстандағы Талибан мен террорист топтарға қарсы Америка Құрама Штаттары және НАТО-ның операциялары аясында соңғы 20 жылда аймаққа 39 мың әскерін жіберді. Елге миллиардтаған доллар шығын әкелген бұл процесте 41 австралиялық сарбаз қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар