Үйден жұмыс істеуге шақырды

Жапония премьер-министрі күнделікті вирус жұқтыру деректерінің артып отырғанына назар аударды.

1693999
Үйден жұмыс істеуге шақырды

Жапония премьер-министрі Суга Есихидэ коронавирусқа қарсы елдегі ірі бизнес саласы өкілдерін «үйден жұмыс істеуге» шақырды.

Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай 12 қыркүйек күніне дейін созылған елде премьер-министр Жапония Бизнес федерациясының төрағасы Токура Масаказумен кездесті. Ол күнделікті вирус жұқтыру деректерінің артып отырғанына назар аударды. Осы бағыттың төмендеуі үшін жұмысқа баратын кісі санының 70 пайыз азайтылуы керектігін сұрады.  «Үйден жұмыс істеу – ықпалды шара.  Оны орындау кей салалар үшін қиынға соғуы мүмкін. Бірақ ынтымақтасу керек» деді ол.

Жапонияда эпидемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш кеше тіркелді. Бір күнде бірінші рет 25 мыңнан көп адамға вирус жұқты.

Осы арада келесі аптада басталатын Паралимпиада ойындарына аккредиттелген кісілердің арасынан 58 адамда вирус анықталды.

17 тамыз күнгі дерек бойынша Жапония халық санының жартысы коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір компонентін ектірген.



Ұқсас жаңалықтар