Қарттар үйінде қызмет ететіндер вакцина салдыруға міндеттеледі

Джо Байден жаңа шешімдерді жариялады.

1693905
Қарттар үйінде қызмет ететіндер вакцина салдыруға міндеттеледі

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден коронавируспен күрес шеңберінде жаңа шешім қабылдағандарын білдірді.

Аталмыш шешімдер шеңберінде қарттар үйлері федералдық фондтардан пайдалану үшін қызметкерлерінің вакцина салдыруы керек болады. «Егер бір қарттар үйінде тұрсаңыз, жұмыс істесеңіз немесе осы жерге келетін болсаңыз, қызметкерлерден вирус жұқтыру рискі болмауы керек» деді Байден. Осындай мекемелерде қызмет ететін қызметкерлер вакцина салдырмаса мекемелердің Medicaid төлемдері берілмейді.

Байден жариялаған жаңа шешімдер - АҚШ әкімшілігінің соңғы апталарда елде вакциналауды жылдамдатуды мақсат еткен бірсыпыра шараның жалғасы.

Өткен апталарда федералдық қызметкерлер мен медицина саласы қызметкерлерінен вакцина салдырғандарын дәлелдеуді сұраған АҚШ әкімшілігі енді армияда да вакцинаны міндеттейді.

Федералдық деректер елде жүз мыңдаған қарттар үйі қызметкерлерінің вакцина ектірмегенін көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар