Германия азаматтарын Кабулдан эвакуациялау тақырыбында Өзбекстанмен келісті

Неміс Сыртқы істер министрі мен Қорғаныс министрі бірлескен мәлімдеме жасады.

1693167
Германия азаматтарын Кабулдан эвакуациялау тақырыбында Өзбекстанмен келісті

Германия Ауғанстанда жұмыс істейтін жергілікті қызметкерлерді эвакуациялау үшін Талибанмен келіссөз жүргізеді.

Сыртқы істер министрі Хайко Маас Қорғаныс министрі Аннегрет Крамп Карренбауэрмен бірлескен баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемеде «Елші Маркус Потцель жергілікті қызметкерлерді қауіпсіз жерге эвакуациялау үшін Талибанмен кездеседі. Біздің елші бұған дейін Талибан мен Ауғанстан әкімшілігі арасындағы бейбіт келіссөздерге қатысқан болатын. Бүгін кешке Дохада болады» деді.

Маас Талибанның әуежайға тек шетел азаматтарының өтуіне рұқсат бергенін білдірді. Германия Ауғанстанда жұмыс істейтін жергілікті қызметкерлерін эвакуациялау үшін Талибанмен келіссөз жүргізеді.

Германия Қорғаныс министрі Аннегрет Крамп Карренбауэр болса Кабулдан екі дана «А400» жүк ұшағымен Ташкентке 3 рейс жоспарлағандарын бөлісті.

Карренбауэр 15 бөлек ұлттың 180 адамын да эвакуациялауға тырысып жатқанына назар аударып, Кабулдағы қауіпсіздік жағдайына байланысты ұшақтардың ұшып-қонуы үшін АҚШ-тан рұқсат күтіп жатқанын білдірді.

Екінші жағынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер неміс азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау тақырыбында өзара келісті.

Өзбекстан президенттік аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша Мирзиёев Германия президенті Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті.

Ауғанстандағы жағдай туралы пікір алмасқан екі басшы бұл елдегі әскери-саяси шиеленістің ушығуы аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке елеулі теріс әсер етуі мүмкін екенін баса айтты.

Екі көшбасшы Ауғанстандағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге бағытталған бірлескен күш-жігерді жақын үйлестіруге және аймақтағы ахуал бойынша тұрақты түрде саяси кеңес өткізуге келісті.

Мирзиёев пен Штайнмайер Германия азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау тақырыбында ынтымақтастық туралы келісімге келді.

Басқа жағынан Германиядағы наразылық акциясына мыңдаған адам қатысып, Ауғанстанда өміріне қауіп төнгендерді тез арада эвакуациялауды талап етті.

Германиядағы наразылық акциясында мыңдаған адам Ауғанстанда өміріне қауіп төнгендерді тез арада эвакуациялауды талап етті.

2021 жылы 15 тамыз жексенбі күні Кабулды қоршап алған Талибан бұрынғы мемлекет басшысы Ашраф Ғанидің елден кетуі және үкімет күштерінің де қаладан толық шығуымен Кабулды бақылауға алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар