Жапонияда коронавирустың "Ламбда" штаммы анықталды

Елде төтенше жағдай жарияланған штаттарға тағы 7 штат қосылды.

1692699
Жапонияда коронавирустың "Ламбда" штаммы анықталды

Жапонияда бірінші рет коронавирустың жаңа «Ламбда» штаммы анықталды.

Kyodo агенттігінің хабарына қарағанда, елдегі ковид-19-дың «Ламбда» штаммының келген жері табылды.  Осыған сәйкес бұрын Перуге барып келгені анықталған бір әйел 20 шілде күні Токиоға келген.  2020 Токио Олимпиада ойындарына аккредиттелген 30 жасар әйелдің әуежайда тесті позитив шыққан еді.

Жұқпалы аурулар ұлттық институты (NIID) оқиғаны тексеріп,  әйелдің «Ламбда» шттамын жұқтырғанын анықтады. Институт осы оқиғаның елдегі алғашқы «Ламбда» штаммы екенін білдірді.

Сонымен бірге Жапонияда коронавируспен күрес шеңберінде алты штатта төтенше жағдай жалғасуда. Осы төтенше жағдай жарияланған штаттарға тағы 7 штат қосылды.



Ұқсас жаңалықтар