НАТО және ағылшын күштері Ауғанстанға кері оралмайды

Уоллес Ауғанстандағы қазіргі жағдайға байланысты журналистермен әңгімелесті.

1692007
НАТО және ағылшын күштері Ауғанстанға кері оралмайды

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес НАТО және ағылшын күштерінің Ауғанстанға кері оралмайтынын айтты.

Уоллес Ауғанстандағы қазіргі жағдайға байланысты журналистермен әңгімелесті.  Ол Талибанның жеңіліп жеңілмегені туралы сұраққа «Жеңісті білмеймін,  бірақ елдің Талибанның бақылауында екенін қабылдаймын» деп жауап қайтарды.

Министр НАТО жәна ағылшын күштерінің Кабулдың бақылауын алу үшін бас қосып қоспайтыны туралы сұраққа да «Жоқ, кері оралмаймыз.  Америка Құрама Штаттары қалмайтынын ашып айтты, бұл да бізді қиын жағдайға қалдырады» деді.

Ол Талибанды ауған үкіметі ретінде мойындап мойындамау үшін әлі ерте екенін айтты.  «Бұл шешімді қабылдау үшін жасалатын әлі талай нәрсе бар» деді ол.

Министр Кабулдағы елшілік ғимаратының босалтылғанын растады. Әуежайға орналасқандарын айтты.

Ағылшын төлқұжатына ие 300 кісінің кеше Ауғанстаннан шыққанын білдірген Уоллес үкіметтің тағы 1500 адамды елде алып кетуді жоспарлағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар