Иран Шанхай ұйымына мүше болады

Шемхани Иранның алдындағы кедергінің жойылғанын айтты.

1690010
Иран Шанхай ұйымына мүше болады

Иран Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Али Шемхани елінің Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүшелігіне қойылған саяси кедергінің жойылғанын айтты.

Шемхани Twitter парақшасында Ресей Қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Николай Патрушевпен сөйлескенін білдірді.  Телефон әңгімесінде Сирия, Ауғанстан және Парсы шығанағындағы оқиғалар қолға алынды. «Иранның Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүшелігінің алдындағы саяси кедергілер жойылды.  Техникалық істерден кейін Иранның мүшелігі нақтыланады. Жақсы хабар» деп жазды ол.

Бірінші рет 1996 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан тарапынан «Шанхай бестігі» ретінде құрылған ұйым 2001 жылы Өзбекстанның да қосылуымен Шанхай Ынтымақтастық ұйымы деген атауды алған болатын. Әлем экономикасындағы ықпалын арттырған ұйым 2017 жылы Қазақстанның елордасында өткен саммитте Пәкістан және Үндістанның толық мүшелікке қабылдануымен күшін арттыра түсті.



Ұқсас жаңалықтар