Канададағы орман өрттері жалғасуда

Канаданың көптеген штатында орман өрттерімен күрес жалғасуда.

1687866
Канададағы орман өрттері жалғасуда

Британдық Колумбия, Альберта, Саскачеван және Манитоба штаттарына қоса елдің орталық аймағындағы Онтарио провинциясында орман өрттері қала орталықтарына да қауіп төндіре бастады.

Канадалық Мекемелер арасы орман өрті орталығының мәліметтері бойынша, 27 шілде күнінен бастап, 4 мың 900-ден астам шыққан өртте 2,5 миллион гектардан астам ормандық алаң өртенді.

Елдің ең көп орман өрті шыққан штаты Британдық Колумбия деп жарияланды.

Британдық Колумбия орман өрттері орталығының мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың алғаш өрт хабарламасы түскен 17 маусым күні басталған орман өрттерінде қазірге дейін сөндірілгендерге қоса барлығы 1 мың 432 өрт тіркелді.

Әлі белсенді түрде Британдық Колумбия штатының 283 бөлек жерінде жалғасқан өрттерде бүгінге дейін 638 мың гектарлық орман алаңы өртенді.

Штаттық орман өрттері орталығы мәліметтеріне қарағанда араларында Канаданың басқа штаттарынан келген 455 өрт сөндірушіге қоса барлығы 3 мың 603 өрт сөндіруші, сарбаздар мен еріктілер өрт сөндіру жұмыстарына қатысуда.

Өртке қарсы күресте жердегі топтардың жұмыстарына 214 тікұшақ пен өрт сөндіру ұшағы қолдау көрсетуде.

Өрт сөндіру қызметінің барлау бөлімі қызметкері Ханна Свифт CBC арнасына жасаған мәлімдемесінде өрттер қатты ықпал еткен аймақтарда шамамен 5 мың 650 меншікке эвакуациялау туралы бұйрық шығарылғанын және 25 мың адамды эвакуациялаудың күн тәртібінде екенін білдірді.

Британдық Колумбияның 255 тұрғыны бар Литтон ауылы орман өрті салдарынан жалынға оранды, 25 маусым күні ауыл картадан өшіп қалды.

Литтон ауылы үшін басталған эвакуация жұмыстары кезінде құлаған шұңқырдан шыға алмаған қарт жұп қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар