Асад режимінің Хамаға шабуылында 4 бала қаза тапты

Азаматтық қорғаныс (Ақ дулыға) топтары шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.

1687425
Асад режимінің Хамаға шабуылында 4 бала қаза тапты

Сирияда Башар Асад режимінің Идлибте дағдарыс аймағындағы атысты тоқтату келісімін бұзып, Хама қаласының ауылдық аймақтарындағы бейбіт елді-мекендерге жасаған шабуылдарында 4 бала қаза тауып, 5 адам жараланды.

Хама қаласының солтүстік-батысындағы Джурин ауылында орналасқан Асад режимі мен Иран қолдау берген террористік топтар Кастун, Мағара және Бара ауылдарына құрлық аралық қарумен шабуыл жасап, атысты тоқтатуды бұзды.

Азаматтық қорғаныс (Ақ дулыға) топтарына қарағанда Кастун ауылына жасалған шабуылда 4 бала қаза тауып, 5 бейбіт тұрғын жарақат алды.

Түркия мен Ресей арасында атысты тоқтату туралы келісімге 2020 жылдың 5 наурыз күні Мәскеуде қол қойылған болатын.

Сирия режим күштері анда-санда бұзатын атысты тоқтату негізінен сақталуда. 2017-2020 жылдары аралығында шамамен 2 миллионға жуық бейбіт тұрғын Ресей мен режим күштерінің шабуылдарында Түркия шекарасына жақын аймақтарға қоныс аударуға мәжбүр болды.



Ұқсас жаңалықтар