Сербияда ересектердің 50 пайызына вакцина егілді

Ана Брнабич: "Сербияда үшінші компонент вакцинация үшін жетерлік вакцина бар" деді.

1686372
Сербияда ересектердің 50 пайызына вакцина егілді

Сербияда ересектердің 50 пайызы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) вакцинасын ектірді.

Сербия премьер-министрі Ана Брнабич баспасөз мәслихатында ересектердің 50 пайызына жаңа типті коронавирус вакцинасы егілгенін жариялады.

Топтық иммунитеттің қалыптасуы үшін бұл санның жеткілікті болмайтынын айтқан Ана Брнабич:

"Сербияда үшінші компонент вакцинация үшін жетерлік вакцина бар" деді.

Ана Брнабич 2021 жылдың соңғы ширегінде Америка дәрі компаниясы Moderna жетілдірген вакцинаның да еліне келетінін айтты.

Сербияда коронавирус індетінен 7 мың 132 адам қайтыс болды.

Соңғы тәулікте 579 жаңа науқас тіркелген елде індеттің басынан бері 724 мың 97 кісі Ковид-19 індетін жұқтырды.



Ұқсас жаңалықтар