ЕО-тан Сириядағы бейбіт тұрғындарды қорғау шақыруы

ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеф Боррелл мәлімдеме жасады.

1686067
ЕО-тан Сириядағы бейбіт тұрғындарды қорғау шақыруы

Еуроодақ (ЕО) Башар Асад режимі күштері бір аптадан бері шабуылдаған Дераа провинциясында бейбіт тұрғындарды қорғауға және саяси шешімнің жол картасын ұстануға шақырды. 

Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Джозеф Борреллдің жазбаша мәлімдемесінде Сирияның оңтүстік батысының «2018 жылдан бергі ең нашар және өлімге толы зорлық-зомбылықты» бастан өткергені атап көрсетілді. 

«Дераа мен арғы жағында маңызды риск бар» делінген мәлімдемеде ауыр бомбалау кезінде әйел мен балалардан тұратын ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқаны және 10 мың адамның қоныс аударғанына назар аударылғанымен, 50 мың адамға қызмет көрсететін Дераа мемлекеттік ауруханасының миномет снарядтарымен атылғанын білдірілді. 

Дераа тұрғындарының кедергісіз, қауіпсіз және тұрақты түрде гуманитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етуге шақырған мәлімдемеде «ЕО Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Геир О.Педерсеннің Сириядағы барлық тараптарды бейбіт тұрғындарды қорғау қағидасы мен халықаралық гуманитарлық заңға бағыну шақыруына қосылып, барлық тараптарды шиеленісті азайтуға және қайтадан тыныштық сақтауға шақырады» деді. 

Мәлімдемеде сонымен қатар, бұл шабуылдардың бейбіт саяси шешімге жету талпыныстарын жылдамдату керектігін тағы бір рет көрсеткенін атап «Қақтығысқа тек қана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254-ші қарарына сәйкес, барлық сириялықтардың бостандығы мен қадір-қасиетін құрметтейтін саяси бір процесс тұрақты шешім әкеледі» делінді.



Ұқсас жаңалықтар