Қорғаныс министрінің үйінің алдында бомба жарылды

Кеше кешке болған оқиғада 8 адам қаза тапты.

1685346
Қорғаныс министрінің үйінің алдында бомба жарылды

Ауғанстан Қорғаныс министрі Бисмиллах Мұхаммединің Кабулдағы үйінің алдында бомба жарылды. Кеше кешке болған оқиғада 8 адам қаза тапты. 20 адам жарақат алды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мирвеис Станикзей Ауғанстан Қорғаныс министрінің үйінің алдында бір шабуылдаушының бомба тиелген көлікті жарғанын білдірді. Артынан төрт шабуылдаушы бір үйге кіріп, оқ жаудыра бастаған.

Түн ортасында шабуылдаушылар залалсыздандырылды. Министр мен отбасына зиян келмеді.

Бірақ оқиға барысында 8 адам қаза тапты. 20 кісі жараланды. Төңіректегі ондаған үйдегі азаматтар эвакуацияланды. Шабуылды әлі ешкім өз мойнына алмады.

Шабуыл жасалған мезетте министрдің үйінде басқа қалалардан келген лауазым иелері болған.



Ұқсас жаңалықтар