Мьянмада демократияның ауылы алыс

Бұл туралы БҰҰ мәлімдеді.

1684540
Мьянмада демократияның ауылы алыс

Мьянмада армияның төтенше жағдайды тағы екі жылға созуымен демократиялық әкімшіліктен алыстағаны айтылды.

БҰҰ бас хатшы баспасөз хатшысы Стефан Дужарик баспасөз брифингінде Мьянма армиясының 2023 жылға дейін төтенше жағдайды жалғастыру және сайлауды кейінге қалдыруына байланысты «Бұл бізді дұрыс жолға жеткізбейді.  Керісінше демократиялық әкімшілікке оралу, саяси тұтқындарды еркін жіберу, күш қолдану және қысымды тоқтату бағытындағы шақыруларымыздан алыстатады» деді.

Дужарик Мьянмада 1 ақпан күнгі төңкерістен бері 930 адамның қауіпсіздік күштерінің қолынан қаза тапқанын айтты.  Олардың көбі балалар мен әйелдер.  Саясат қайраткері, жазушы, адам құқықтарын қорғаушы, журналист және азаматтардан тұратын мыңдаған адам қамауда.

БҰҰ баспасөз хатшысы Мьянмадағы төңкерістен кейін жалғасқан дағдарыстың көмекке мұқтаж кісілерге қол жеткізуге, білім, медицина және коронавируспен күреске кедергі болғанын атап айтты.

Мьянмада төңкеріс арқылы билікке келген Бас штаб төрағасы Генерал Мин Аунг Хлайнг 1 тамыз күні төтенше жағдайдың тағы екі жылға созылғанын жариялады.  Ол өзін уақытша үкіметтің премьер-министрі деп хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар