Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси міндетін бастады

Иранның жаңа мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мандатын діни басшы Хаманейдің қолынан алды.

1684769
Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси міндетін бастады

Иранда 18 маусым күні өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен Ибрахим Реиси мандатын елдің рухани басшысы Али Хаменейдің қолынан алды.

Бас қала Тегеранда Мемлекеттік Имам Хумейни Хусейнді еске алу үйінде болып өткен мандат рәсіміне Иранның діни басшысы Хаменейге қоса 7-ші мемлекет басшысы Хасан Рухани, Парламент спикері Мұхаммед Бакир Калибаф, Сот басшысы Гуламхусейн Мухсин Эжей және басқа да жоғары лауазымдылар қатысты.

Салтанатты шарада Ішкі істер министрі Абдурреза Рахмани Фазли 13-ші кезең президенттік сайлау туралы есепті ұсынғаннан кейін, Хаменей Реисидің мемлекет басшылығын бекітіп, мандатын тапсырды.

Осы бекітумен Хаменей Реисиді 4 жылға мемлекет басшысы ретінде тағайындады.



Ұқсас жаңалықтар