"Ауғанстанмен келіссөздер процесі ауыр болады"

Ресей Ауғанстан мәселесі бойынша келіссөз процесінің ауыр болатынын мәлімдеді.

1684847
"Ауғанстанмен келіссөздер процесі ауыр болады"

Ресей президенті Владимир Путиннің Ауғанстан арнайы өкілі Замир Кабулов Мәскеудегі «Горчаков» атындағы ашық дипломатияны қолдау қорында өткен дөңгелек үстел отырысында Ауғанстан мәселесіне қатысты бағалау жасады.

Бұл мәселені келіссөздер арқылы шешу керектігін атап көрсеткен Кабулов  «Мәселесіз және түзу процесті күтпеуіңіз керек. Бұл процесс өте ауыр өтеді. Біз мұның бәрін ескереміз және нағыз дипломатияның сезімталдыққа негізделмейтінін өте жақсы түсінеміз. Дипломатия қызығушылықтар мен мүмкіндіктерге негізделеді» деді.

Ресейдің Талибанмен байланыста екеніне назар аударған Кабулов Талибанның өздеріне берген уәделерді орындау керектігін баса айтты.

Кабулов «Егер бір жақ бізге берген уәдесін бұзатын болса, мұның беделінің ауыр болатынын түсінсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар